Иранда «Израиль барлау қызметінің тыңшысы» дарға асылды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Иран билігі бүгін Ислам Республикасына қарсы жасалған тыңшылық жасау ісіне қатысты шығарылған үкім - өлім жазасын орындады,
деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.
Хабарланып отырғандай, өлім жазасына Израиль барлау қызметі - Моссадпен байланыста деп Тегеран айыптаған Әли Ақбар Сиадат кесілді. Өлім жазасы дарға асу түрінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды IRNA ирандық ақпарат агенттігі.