Иранда Израиль шабуылынан 220-дан астам адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM - Израильдің Иран аумағына жасаған соққысынан 224 адам қаза тауып, 1200-ден астам адам жараланды. Бұл туралы Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Хосейн Керманпур мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Иранда Израиль шабуылынан 220-дан астам адам қаза тапты
Фото: Irna_ru

– Израильдің 65 сағаттық агрессиясынан кейін қаза тапқандар мен жараланғандар саны 1481-ге жетті, оның 1 277-сі елдегі университет клиникаларына жатқызылды. <…> Қазір 224 адам қайтыс болды, - деп жазды ведомство өкілі X желісіндегі парақшасында.

Ол зардап шеккендердің 90 пайыздан астамы бейбіт тұрғындар, соның ішінде әйелдер мен балалар екенін атап өтті.

Еске салайық, 13 маусымға қараған түні Израиль Иран аумағына жаппай соққы жасаған. Оған жауап ретінде Тегеран жүзден астам дронды Израиль бағытына ұшырды. Иран Натанздағы ядролық нысанның зақымданғанын растады, алайда радиацияның таралуын жоққа шығарды.

БҰҰ-дағы Иран өкілі Израильдің әуе соққылары салдарынан 78 адамның қаза тапқанын, тағы 320-дан астам адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Қаза болғандар қатарында Иранның жоғары әскери басшылығы мен жетекші ғалымдар бар.

Сондай-ақ Израильдің шабуылынан кейін Иран Ормуз бұғазын жабу мүмкіндігін қарастырып жатқанын Иран парламентінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комитет мүшесі Эсмаил Косари хабарлады.

Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерге арағайындық жасап жүрген Оман Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди Маскатта жексенбі күні өтуі тиіс кездесудің өтпейтінін растады.

Иран Президенті Эммануэль Макронмен сөйлесу кезінде Израиль шабуылдарын тоқтатпайынша АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізілмейтінін мәлімдеді.

Axios мәліметінше, Израиль АҚШ-ты Иранмен соғысуға шақырады.

Израиль соққыcынан Ислам революциясы Қамқоршылар корпусының барлау басшысы мен орынбасары қаза тапты.

Еурокомиссия президенті Израиль премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті.

Соңғы жаңалықтар