20:49, 22 Қыркүйек 2024 | GMT +5
Иранда кеніштегі жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Иранда көмір кен орнында болған жарылыстан көз жұмғандар саны 51 адамға жетті. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.
Қайғылы оқиға Оңтүстік Хорасан провинциясындағы Табас қаласында кешкі сағат 9-да болды.
Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, метан газы жарылған. Құтқару операциясы жалғасып жатыр.
«Сондықтан құрбандар қатары әлі де өсуі мүмкін», – дейді билік өкілдері.
Жарылыс болған кезде жер астында 69 жұмысшы болған, олардың 17-сі құтқарылды. Түрлі дене жарақатын алды. Иран президенті Масуд Пезешкиан марқұмдардың туыстарына көңіл айтты.
Еске салсақ, Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында метанның ағуы салдарынан күшті жарылыс болды.
Бұған дейін Қытай шахтасында апат болып, жеті адам қаза тапқанын жаздық.