Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңнан асты

ТЕГЕРАН. ИРНА – ҚазАқпарат – Иран денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырғандар саны 8042 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда коронавирус жұқтырғандар саны 8 мыңнан асты

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур соңғы тәуліктерде тағы 881 адамның қауіпті індетті жұқтырғанын хабарлады.

«Осылайша Иранда коронавирусқа шалдыққандар саны 8042-ге жетті», - деп мәлім етті ол баспасөз мәслихатында.

Киануш Джаханпурдың сөзіне сенсек, вирус жұқтырғандар ішінде 2731 адам аурудан айыққан. Ал 291 адам көз жұмған.