Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 70 мыңнан асты

ТЕГЕРАН. ИРНА-ҚазАқпарат - Иранда коронавирус пандемиясы басталғалы бері 70 070 адам індеттен көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Бұл жайында Иранның денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрлігі мәлімет таратты.

Соңғы тәулікте елде 496 науқас коронавирустан көз жұмған. Бұл - эпидемия басталған уақыттан бергі ең үлкен көрсеткіш.

Соңғы мәліметке сенсек, Иранда індет жұқтырғандар саны 2 млн 417 230 жеткен. Бүгінгі күнге дейін оның ішінде 1 млн 892 229 сырқат дерттен жазылған. 5244 пациенттің жағдайы өте ауыр.

Қазіргі таңда Ирандағы 301 қала «қызыл» аймақта орналасқан. Ал 95 қала - «қызғылт сары», 45 қала - «сары» және 7 қала «көк» аймақта тұр.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 652 мың 903 адам КВИ вакцинасының алғашқы дозасын салдырған. 171 мың 210 ирандыққа екпенің екі дозасы да салынды.

Соңғы жаңалықтар