Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 853 адамға жетті

ТЕГРАН. ИРНА - ҚазАқпарат – Иранда коронавирустан 853 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлім еттті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

«Соңғы тәулікте вирус жұқтырудың 1053 жаңа жағдайы анықталды. Ал Иранда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 14 991, көз жұмғандар саны 853 адамға жетті», - деді баспасөз мәслихатында министрлік өкілі.

Джаханпурдың айтуынша, инфекция жұқтырғандардың 4996-сы сауығып шыққан.


Соңғы жаңалықтар