Иранда көшеде билегені үшін алты адамға дүре соғылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда Тегеран қаласында көшеде билегені үшін алты (3 ер, 3 әйел) адамды тұтқындалды. Сот оларды шартты мерзіммен бір жылға бас бостандығынан айыруға және 91 рет дүре соғуға шешім шығарды, деп хабарлады ВВС.

Иранда көшеде билегені үшін алты адамға дүре соғылады

Ирандықтар Ф.Уильямстың «Happy» әніне Тегеран көшелерінде билеп, түсірілген видеоны YouTube әлеуметтік желісінде жариялаған. Иран заңдары бойынша ер мен әйелдің бір бірімен билеуіне тыйым салынған, сондай-ақ әйелдерге қоғамдық орындарда паранжасыз жүруге болмайды.