Иранда «Құран және шығыс зерттеушілері» атты халықаралық конференция өтеді
АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Иран еліндегі Кум қаласында ағымдағы жылғы желтоқсан айының соңында «Құран және шығыс зерттеушілері» атты халықаралық конференция өтеді.
Бұл шара халықаралық Аль-Мұстафа университетінің қолдауымен ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Mehr ақпарат агенттігі.
Ғылыми мәслихат барысында әлемдік шығысты зерттеушілері Құранға байланысты баяндамалар жасайды. Қазіргі уақытта конференцияға қатысуға тілек білдірушілерден өтініштер қабылданып жатыр.