09:57, 06 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Иранда күшті жер сілкінісі болды, адамдар шығыны бар
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Иранның шығысында күшті жер сілкінісі болды. Оның қуаты 5,6 балды құрады.

Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінен мәлім етілді, деп хабарлайды РБК.
Жерасты дүмпулерінің ошағы Кайен елді мекеннің оңтүстік-шығысынан 42 шақырым жерде, 5,4 шақырым тереңдікте орналасты. Жергілікті жаңалықтар агенттігі хабарлағандай, зілзаланың салдарынан 5 адам көз жұмды.
Иранда күшті жер сілкіністері жиі болып тұрады. 2003 жылы Бам қаласында жерасты дүмпулері 25 мың адамның өліміне алып келді.
Ағымдағы жылдың тамыз айында қуатты жер сілкінісі елдің солтүстік-батысында болды. 6,3 және 6,4 балдық табиғи апат салдарынан 250-ден астам адам көз жұмды, толығымен 4 ауыл қирады, 60 елді мекен жартылай бұзылды.