Иранда мешітті жарған лаңкестер дарға асылды

ТЕГРАН. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат - Иранда Захедан қаласындағы мешіттің жарылысын ұйымдастыруға қатысқандары үшін сотталған үш азамат жұрт алдында дарға асылды,

Иранда мешітті  жарған  лаңкестер  дарға асылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Иранның оңтүстік-шығысындағы қалада мамырдың 28-інде болған жарылыстың салдарынан ең аз дегенде 25 адам қаза болып, 120 адам жараланған болатын.