07:46, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Иранда ми импланттарын жасау қарқынды дамуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран ми импланттарын жасау саласында зор жетістіктерге жетуде, деп хабарлайды ИРНА .

Бұл туралы Иранның когнитивтік ғылым және технологиялар штабының жанындағы ми импланттарын жұмыс тобының жетекшісі Хосейн Магами айтты.
Маманның сөзіне қарағанда, ми импланттарын тек медицинада ғана емес, әскери салада да пайдалануға болатынын жеткізді.
«Қазіргі кезде ирандық ғалымдар әлемдегі ми импланты саласындағы ғылыми жұмыстардың 0,6%-ын жазып жатыр. Мәліметтерге қарағанда, Иран ми имплантаттары бойынша әлемдегі алдыңғы 25 елдің қатарында», - дейді Хосейн Магами.
Ми имплантты - бас сүйектің ішінде адамның ми жүйесімен өзара байланыс орнататын әлеуетті құрылғы. Алайда қазіргі заманауи техникалық жетістіктер миды толығымен имплантациялауға мүмкіндігі жоқ.