Иранда мұнай емес өнімдер экспортының Жоғары кеңесі құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран министрлер кабинеті Иран Ислам Республикасының Президенті немесе вице-президенті төрағалық ететін мұнай емес өнімдерінің экспортын дамыту жөнінде Жоғары Кеңес құруға келісімін берді.

Иранда мұнай емес өнімдер экспортының Жоғары кеңесі құрылады

Жоғары Кеңес биліктің атқарушы органдарының экспорттық қызметін үйлестіру және органдардың бір жұмысты қатар орындауын болдырмау мақсатында қолға алынған.

Үкімет шешіміне байланысты мұнай емес өнімдер экспортының Жоғары Кеңес хатшылығы Өнеркәсіп, Тау-кен және Сауда министрлігінде құрылады.

Бұл шешімді ИИР бірінші вице-президенті 2014 жылдың 15 шілдесінде жариялады.