17:23, 03 Қараша 2009 | GMT +5
Иранда оппозиция наразылық акцияларына дайындалуда
АСТАНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат - Иран полициясы оппозиция өкілдеріне ескерту жасап, сәрсенбі күні Тегранда үкіметке қарсы шерулер ұйымдастырудың кез-келген талпынысының жолы қатаң кесілетінін мәлім етті. Бұған дейін Революциялық гвардия да осындай ескерту жасады,

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Қарашаның 4-інде Иранда Теграндағы АҚШ елшілігін басып алудың 30 жылдығы атап өтіледі. Өкімет тек антиамерикандық ұранды шерулерге ғана рұқсат беріп отыр, бірақ оппозиция жақтаушылары сәрсенбі күні өз наразылық шараларын өткізбек ниетін мәлім етті.
Иран президентіне бұрынғы үміткер Мирхоссейн Мусауидің зайыбы - Захра Рахнавард ханым кеше мәлімдеме жасап, үкіметті маусым айындағы оппозицияның бұқаралық наразылықтары барысында ұсталған және әлі күнге дейін қамауда отырған әйелдерді дереу босатуға шақырды.