Иранда оппозиция өкілдерін соттап жатыр
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Иранда маусым айында президенттік сайлаудың ресми қорытындысына қарсы өткен наразылық шараларға қатысушы оппозиция өкілдерінің үстінен кезекті, төртінші бұқаралық сот амалы өтіп жатыр,
деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Сот алдына реформаны жақтаушы бірқатар көрнекті саясаткерлер, оның ішінде елдің бұрынғы президенті Мохаммад Хатамидің оппозицияны қолдаған кеңесшілері шақырылады. Бұған дейін 140-қа жуық адамның ісі сотқа берілген болатын. Оларға тәртіпсіздіктерге қатысты деген айып тағылуда.
Маусым айында оппозиция Махмұд Ахмадинежадтың сайлаудағы жеңісін мойындамай, Тегранда және басқа да қалаларда наразылық шерулерін ұйымдастырған болатын. Наразылықты күшпен басу кезінде ондаған адам қаза болып, жүздеген адам тұтқындалған еді.