Иранда оппозицияның үш жақтаушысы өлім жазасына кесілді
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат - Иранда оппозицияның үш жақтаушысы өлім жазасына кесілді. Сот өкілдерінің хабарлауынша, олар президенттік сайлаудан кейін маусым айында орын алған тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп айыпталып отыр,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Бұл тамыз айында сот ісі басталғаннан бергі алғашқы үкімдер. Сот үкімдеріне олардың шағымдануларына болады, деп хабарлайды, Associated Press. Сотталушылардың аты-жөндері нақтыланбай отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Иранда тамыздың 12-сіндегі президенттік сайлаудан кейін орын алған көше тәртіпсіздіктеріне қатысты деп айыпталғандардың үстерінен бұқаралық сот амалдары өтті.
Сайлаудан кейінгі тәртіпсіздіктерге қатысы бар деп айыпталған оппозицияның 100-ден астам жақтаушысы тамыздың 1-інде сот алдында тұрды. Оларға тәртіпсіздікке қатысудан бастап билікке қарсы қастандық ұйымдастыруға дейінгі түрлі айыптаулар тағылды.
Иран оппозициясы Махмұд Ахмадинежадқа жеңіс әкелген маусым сайлауының ресми қорытындысын танудан бас тартты. Иран Президенті қызметіне тамыздың 5-іне кірісті.