Иранда орын алған жарылыс салдарынан 18 әскери қызметші қаза тауып, 14-і түрлі дене жарақаттарын алды

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат - Иранда орын алған күшті жарылыс кезінде Ислам революциясы сақшыларының таңдаулы Корпусының 18 әскери қызметшісі қаза тауып, 14-і түрлі дене жарақаттарын алды.

Иранда орын алған жарылыс салдарынан 18 әскери қызметші қаза тауып, 14-і түрлі дене жарақаттарын алды

Белгілі болып отырғаны, оқиға кеше, қазанның 12-сінде Иранның астанасы Тегераннан 500 шақырымда орналасқан Хорамабад қаласындағы әскери базада орын алған сыңайлы, деп хабарлайды РБК. Осыған дейін қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген еді.

Иран әскери басшылығы өкілдерінің хабарлауынша, әскери базада орын алған өрт кезінде, жалынның оқ-дәрілер қоймасына қарай ойысуынан жарылыс болған. Қайғылы жағдай қасақана жасалмай, кездейсоқ жағдайдан болғаны да белгілі болып отыр.

Қазіргі кездері осы төтенше оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.