Иранда парсы тілінің конференциясына әлімнің 35 елінен тіл мамандары мен студенттер келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теһранда әлемнің 35 елінен келген парсы тілінің студенттері мен ұстаздарының жиыны өтті, деп хабарлады kazakh.irib.ir сайты хабарлады.
Жиында Парсы тілі мен әдебиеті академиясының төрағасы Ғоламали Хадад Адел әлемде парсы тілін оқып, үйреніп жатқан студенттер санының екі есеге ұлғайғанын мәлімдеді.
Конференцияға әлемнің 35 елінен парсы тілінің ұстаздары мен студенттерінің білімін жетілдіру курсынан өткен парсы тілінің шетелдік ұстаздары мен студенттері келді. Хадад Адел Иранның көне тарихына тоқталып, өзге ұлттардың парсы тілімен танысуы олардың Иран халқына жақынырақ болуына себеп болатындығын айтты.