Иранда пойыз бен экскаватор соғысып, 17 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иранның орталық бөлігінде темір жолда апат болды. Оқыс оқиғадан 17 адам көз жұмып, 50 жолаушы жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews сайтын сілтеме жасап.
Тебес қаласына жақын маңда, Мешхед пен Йезд шаһарларының ортасында пойыз бен экскаватор соғысып, 7 жолаушы вагонының 4-еуі рельстен шығып кеткен.
Пойызда 348 жолаушы болған. Жарақаттанғандар арасында ауыр халде жатқандар бар. Ел билігі құрбандар саны артуы мүмкіндігін айтады.