Иранда пойыздардың соқтығысуынан жүздеген адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның солтүстігінде жолаушылар және жүк пойыздары қақтығысты. Он шақты адам қаза болып, жүздеген адам зардап шекті, деп хабарлады РБК.
None
None

Қақтығыс Дамган қаласында теміржол стансасында, Тегераннан солтүстікке қарай 350 шақырым жерде болды. Мамандардың бағалауынша, Мешхедтен Тегеранға жолға шыққан пойызда барлығы 300-ден астам адам болған.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Аталған жағдайдың себептерін анықтау үшін тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар