Иранда президенттік сайлауға дайындық басталды
АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Иранның ІІМ сайлау басқармасы 2013 жылы президенттік және ІV шақырылымына қалалық және ауылдық ислам кеңестерінің сайлауларын өткізудің дайындық жоспарын әзірледі.
Бұл туралы ІІД Сайлау басқармасының басшысы Гасанали Нури мәлім етті, деп хабарлады дүйсенбі күні ирандық ақпараттық İRNA агенттігі.
Қазіргі уақытта сайлаудың өтетін күнін анықтау жұмысы жүргізілуде, содан кейін сайлау комиссиялардың құрылуы басталады, деді Нури.
11-ші президенттік сайлау Иранда келесі жылдың басында өтеді деп жоспарлануда.