Иранда Рамазан айының аяқталуына орай 900-ден астам адамға рақымшылық жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран Ислам Республикасының Жоғарғы билеушісі рақымшылық туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Иран телеграф агенттігі.

«Бұл шешім ИИР сот жүйесінің басшысы аятолла Садек Амоли Лариджанидің Рамазан айының аяқталуынан кейін болатын Ид аль-Фитр мерекесіне орай рақымшылыққа ілінетін қамаудағыларды босату туралы өтінішіне берген жоғарғы лидердің жауабы», - делінген ирандық көшбасшысының сайтында.

Ақпаратқа сәйкес, бұл рақымшылыққа 930 сотталған ілігеді. Олардың бір бөлігі бостандыққа шықса, кейбіреулерінің жазасын өтеу мерзімі қысқарады.

Соңғы жаңалықтар
telegram