Иранда шахта опырыла құлап, төрт адам мерт болды
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Иранның оңтүстік шығысында шахта опырыла құлап, төрт адам қаза тапқан. Бұл туралы жексенбіде Fars агенттігі медицина қызметкерлеріне сілтеме жасап хабарлады.
Келеңсіз жағдай Керман провинциясында орналасқан Ходжедк қаласы аумағында болған.
Сондай-ақ зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылған.
Оқыс оқиғаның себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.