Иранда сот әйелдің бір көзін соқыр етуге үкім шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда сот үкімімен әйелдің бір көзін соқыр етуге жаза тағайындалды. Ол екі жыл бұрын жәбірленушінің көзіне қышқыл шашып жіберіп, көз жанарынан айырған, деп хабарлайды Reuters.
Хабарланғандай, сотталушы бұндай әрекетті екі жыл бұрын Махшехр қаласында жасаған, Сотталушы мен жәбірленушінің есімдері аталмаған.
Жоғары инстанция соты әйелдің бір көзін соқыр етіп, өтемақы төлеуге және жеті жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Үкімді орындау мерзімін сот әлі анықтамаған.
Атап өтілгендей, Иран заңына сәйкес, осындай тұрғыдағы жаза сотталушының туыстарының өтініші бойынша, басқа шарамен алмастырылуы мүмкін.