Иранда тәртіпсіздіктерге қатысқан 140 адам босатылды

ТЕГРАН. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат - Иранда сейсенбіде шілдедегі президенттік сайлаудан кейін Иран астанасында болып өткен жаппай көше тәртіпсіздіктері барысында ұсталған 140 адам босатылды,

Иранда тәртіпсіздіктерге қатысқан 140 адам босатылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Iran.ru сайтына сілтеме жасап.

Оларды босату туралы шешімді парламенттік комиссия қабылдады.

Кеше Иранның сот билігінің басшысы аятолла Хашеми Шахруди көше манифестациясы кезінде ұсталған, бірақ айтарлықтай құқық бұзушылық жасамаған адамдарды аптаның ішінде босатуға өкім берді.