Иранда тербелісі 5,2 балл жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Ираннның Иракпен шектесетін Хузестан провинциясында тербелісі 5,2 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлады Би-би-си АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Сейсмологтардың мәліметіне қарағанда, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен 07:14-те тіркелген.

Зілзала ошағы Тегераннан оңтүстік-батысқа қарай 500 шақырым қашықтықта 10 шақырымға жуық тереңдікте болған.

Құрбан болғандар мен қиратулар туралы мәліметтер әзірге түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар