Иранда тікұшақ апатынан 10 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстігінде жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан тікұшақ бортындағы 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Иранда тікұшақ апатынан 10 адам көз жұмды

«Апат салдарынан алты экипаж мүшесі, фельдшер мен 3 пациент көз жұмды. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30 кезінде орын алған», - деп жазылған хабарламда.

Тікұшақ Шираз қаласына бет алған болатын, алайда белгіленген жерге 20 шақырым қалғанда апатқа ұшырады.