Иранда тұңғыш рет бұзау клондалды

ТЕГРАН.  Шілденің 14-і. ҚазАқпарат -  Иранда  және   Таяу Шығыста  тұңғыш рет бұзау клондалды.     Иранның   Исфахан      қаласындағы   ғылыми-зерттеу  институтының  ғалымдары    Зеңгі  баба  тұқымын  сенбі күні  дүниеге   жаңаша  әдіспен   алып келді,
None
None

деп      хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне  сілтеме  жасап.

CNN-Turk  телеарнасының       хабарлауынша,    ирандық  ғалымдар  екі жылдық   тәжірибелік  сынақтың  нәтижесінде  осындай жетістікке  жетіп отыр. 

Исфахан институтының  жанындағы   Клондау  жөніндегі  орталықтың  директоры  Мохаммад  Хосейн   Наср  Исфаханидің  атап көрсетуінше,     бұзауды  клондау -   күрделі  және  аса  шетін   амал  және   оның      табысты   аяқталуы   ұлттық  биотехнологияның     үлкен мүмкіндіктерін паш  етіп  отыр. 

«Тегран  таймс» басылымының  жазуынша,     зерттеу  институты  жоғалудың алдында  тұрған    жануарларды клондауға  кірісуге  әзір. 

2006 жылы   Иран Ислам Республикасы    Таяу Шығыс өңірінде  қойды   клондай алған   алғашқы ел  атанған   болатын.    Ал ағымдағы жылдың сәуір айында институт  ешкіні  клондау    тәжірибесінің табысты   өткенін    жария еткен  еді.

Соңғы жаңалықтар