Иранда жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстігінде орналасқан Шираз қаласының орталығында сауда үйлердің бірінде жарылыс болды, нәтижесінде 17 адам жараланды. Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлайды.

 Иранда жарылыс болды

Оқиғаға куә болушының мәліметтеріне қарағанда, жарылыс ғимараттың бірінші қабатында орын алған. Жарылыс толқыны ғимараттың қабырғасын қиратып, артынан өрт шыққан. Оқиға туралы нақты мәліметтер хабарланған жоқ.