Иранда жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Иранның батыс бөлігінде Иракпен шекарасы маңында 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы АҚШ-тың геологиялық қызметінен хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Жер сілкінісінің кіндігі Тегераннан оңтүстік-батысқа қарай 480 шақырым жерде орналасты. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте анықталды. Жапа шеккендер мен ғимараттардың бұзылуы туралы хабар түспеді.