14:55, 15 Шілде 2018 | GMT +6
Иранда жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстік-шығысында магнитудасы 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды
trend.az Еуропалық-Жерортатеңіздік сейсмология орталығына сілтеме жасап (EMSC).
Берілген ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі сағат 01:52-де (UTC) тіркелген. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Минаб қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 192 шақырым жерде орналасқан. Дүмпу ошағы 30 километр тереңдікте болған.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы әзірге ақпарат жоқ.