Иранда жер сілкінісі болды

АСТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Иранда 5,0 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды bnews.kz сайты Ресейдің РБК агенттігіне сілтеме жасап.

Иранда жер сілкінісі болды

АҚШ-тың ұлттық геологиялық қызметінің таратқан мәліметінде, дүмпу ошағы Фирузабад қаласынан 99 шақырым, Бушер атом стансасы салынып жатқан Бушер қаласынан 100 шақырым жерде тіркелген.

Зілзала 37,2 шақырым тереңдікте болған. Әзірге жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.