Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуыл лаңкестік әрекет емес– Иран СІМ басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Иранның арнайы қызметі мен қауіпсіздік қызметі жұма күні Ирандағы Әзербайжан елшілігінде болған атыс «террорлық әрекет немесе ұйымдасқан қылмыс емес», жеке адам тарапынан жасалған қастандық, деген қорытындыға келді, деп мәлімдеді Иранның Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
None

Абдоллахиян Ирандағы Әзербайжан елшісімен бірлесіп баспасөз жиынын өткізіп, Иран президенті Эбрахим Раиси оқиғаны тергеп, кінәлілерді жауапқа тартуды бұйырғанын атап өтті.

Сол күні Иран СІМ басшысы Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы тілдесіп, бұл оқиға екі елдің қарым-қатынасына сызат түсірмеуі керегін атап өтті. Сондай-ақ ол екі елдің қауіпсіздік қызметіне оқиғаны бірлесе тергеуді ұсынды.

Ирандағы Әзербайжан елшілігінде 27 қаңтар таңертең атыс болып, дипломатия өкілдігінің күзет басшысы қаза тапты, ал оның екі әріптесі жарақат алды. Иран полициясы, шабуыл жасаған адамның сөзін негізге ала отырып, шабуыл жеке адамға қатысты жасалған қастандық, деп мәлімдеді. Әзербайжанның Сыртқы істер министрі елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін эвакуациялау үшін қажет шараларды жасауды жоспарлап отырғанын жеткізді. Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев әлеуметтік желіде атысты «теракт» деп ойлайтынын және тез арада кінәлілерді жазалауды талап ететінін жазды.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ирандағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды қатаң айыптады.

Фото: REUTERS


Соңғы жаңалықтар