Ирандағы лаңкестік оқиғалардан 13 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Иранда орын алған террорлық актілердің салдарынан кем деген 13 адам қаза тауып, тағы 43-і зардап шекті. Бұл туралы Иран ішкі істер министрінің қауіпсіздік мәселелері жөніндегі орынбасары Хосейн Зольфагари айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Ирандағы лаңкестік оқиғалардан 13 адам мерт болды

Reuters агентігі таратқан мәліметтерге қарағанда,  лаңкестер Иран азаматтары болған.

Еске салсақ, 7 маусымда төрт лаңкес ислам революциясының негізін қалаушы имам Хомейни мавзолейінің ғимаратында атыс ұйымдастырды. Олардың бірі ғимарат ішінде жарылыс жасады. Тағы белгісіз үш адам парламентте оқ атып, оның салдарынан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанды. БАҚ деректеріне сәйкес лаңкес жанкешті белдігін іске қосқан. ДАИШ лаңкестік тобы жауапкершілікті өз мойындарына алды.