Ирандағы президенттік сайлауда дауыстардың 80 пайызы саналып бітті, М.Ахмадинежад алда келеді
ТЕГРАН. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат - Ирандағы президенттік сайлауда дауыстардың 80 пайызға жуығы саналып бітті.
Елдің қазіргі Президенті Махмұд Ахмадинежад қарсыластарынан оқ бойы алда келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. М.Ахмадинежад бюллетеньдердің 77 пайызын өңдеуден кейін 65,2 пайыз дауыс алып отыр. Оның негізгі қарсыласы - реформашыл-оппозиционер Мир-Хосейн Мусауи сайлаушылардың 31,8 пайызының дауысын алып отыр, деп хабарлайды Associated Press агенттігі Ислам Республикасында сайлау үдерісіне жауап беретін Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Жастардың қолдауына арқа сүйеп отырған Мир-Хосейн Мусауи дауыс берудің ресми қорытындысына наразылық беруге әзір екенін мәлім етіп отыр. Оның айтуынша, ел билігі Махмұд Ахмадинежадты билік басында қалдыру үшін, «халықты өз еріктеріне бағындырып отыр».