Ирандағы Украина ұшағы екі зымыранмен атқыланған - тергеу
Есепке сәйкес, Tor-M1 зымырандары солтүстік бағыттан Boeing 737-800 тарапына қарай жіберілген.
Есепте ұшақтың Тегераннан 6:12-де ұшып, 8100 фут (2,47 шақырым) биіктікте әуе диспетчерімен байланысты жоғалтқаны айтылған. Ол 06:15-те екінші бақылау радарының экранынан, 06:18 бірінші бақылау радарынан көрінбей қалған. Ұшақ тұрғын үй ауданынан ұшып өтіп, қоғамдық саябақ аумағында жерге құлағаны анықталды.
Бұдан бөлек, ұшақтың қара жәшігі мен борттың өздігінен жазу құралы «әлемдегі ең жетекші құрылғылардың бірі», ал Иранда оның мағынасын ашатын аппаратура жоқ. Француздар мен америкалық агенттіктер Иранға қажетті құрал-жабдықтар беруден бас тартқан.
Еске салайық, сәрсенбі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшқан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшыраған еді.
Ұшақ бортында 177 адам болған: 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі. Оның ішінде Иранның – 82, Канаданың - 63, Украинаның - 2 + 9 (экипаж), Швецияның – 10, Ауғанстанның – 4, ГФР-дың – 3, Ұлыбританияның 3 азаматы болған. Олардың барлығы қаза тапты.