Ирандық ауыр атлетші Ростами екі дүркін әлем чемпионы атанды - Алматы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақ санатында 391 келіні еңсерген ирандық ауыр атлетші Киануш Ростами жеңімпаз атанды.
Ол жұлқа көтеруде 178 келіні, ал серпе көтеруде 213 келіні бағындырды. Сөйтіп, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.
Екінші орынды ирандықтан небәрі 1 келі кем көтерген болгар Иван Марков олжалады. Ал үштікті жұлқа мен серпе көтеруде 385 келі жинаған ресейлік Артем Окулов түйіндеді, деп хабарлайды Vesti.kz.