08:39, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Ирандық хакерлер израильдік барлау қызметі «Моссадтың» сайты жұмысын тоқтатып тастады
ТЕГРАН. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Иран хакерлері Израильдің сыртқы барлау қызметі «Моссадтың» интернет-сайтының жұмысын бірнеше сағатқа тоқтатып тастады,
деп хабарлады бейсенбі күні ирандық бұқаралық ақпарат құралдары. Өздерін «Ашийанэ» («Ұя») деп атайтын ирандық хакерлер тобы Израильдің Газа секторындағы әскери операциясына осылай наразылық білдіріп, палестиналық қарсыласу қозғалысымен ынтымақтас екенін көрсеткен. Ирандық компьютершілердің «Моссад» сайтына жасаған кибершабуылдарының салдарынан сайттың екі сағаттан астам жұмыс істемей қалғаны жайлы хабарлануда. ҚазАқпарат бұл туралы «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.