Ирандық режиссер Грузия туралы фильм түсіруде
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Грузия астанасы Тбилиси қаласында ирандық режиссер Голамхоссейн Ахундпураның «Ұйықтамайтын қала» фильмінің түсірілімі басталды,
деп хабарлайды Иран.ру агенттігі.
Фильм Иранның Хорасан-Резави провинциясы мәдени орталығының өтініші бойынша түсірілмек. Картина негізінен әлеуметтік және діни тақырыптан тұрады. Фильмге Хамидреза Пегах, Нагин Садак Гуя, Аббас Газали және Амир Джафари сынды иранның танымал актерлері түсуде.