Ирандықтар 1393-ші жаңа жылды қарсы алуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда бүгін күн күнтізбесі бойынша Новрузды, яғни Жаңа жылды қарсы алуда. Бұл 1393 жаңа жыл, өйткені Иранда Хижра жыл санауы қолданылады.
None
None

Мерекеден кейін екі апталық демалыс басталады. Бұл күндері Тегеранда адам қалмайды, өйткені барлық тегерандықтар демалыстарын табиғат аясында, Каспий жағасында өткізгенді жөн көреді.

Иранда Ислам пайда болғаннан көп уақыт бұрын тойланатын Новруздың барлық салт-дәстүрлері жақсы сақталған. Ең алдымен мереке басталмас бұрын бір немесе бірнеше алтын балық сатып алынып, олар бір ыдысқа салынып, мереке күнгі дастархан басына қойылады.

Сонымен қатар, дастарханға міндетті түрде жеті түрлі тағам тартылады. Олардың атауы да парсы әліпбиіндегі «син», яғни «с» әрпімен басталады. Сондай-ақ, бұл күні дастарханға Құран қойылып, айна, майшам, боялған жұмыртқалар, гүл және тиындар орналастырылады.

Жаңа жыл кірісімен ирандықтар бір-бірін құттықтау үшін үй-үйді аралайды. Жастар алдымен үлкендерге барып сәлем береді, сосын үлкендер жастардың үйлеріне бас сұғады. Мұндағы басты мақсат, ескі реніштерді ұмытып, жүректерге махаббат пен бауырмалдық орнату.

Сонымен қатар, ирандықтар түркі халықтарындағы наурыз көже сияқты «сүмеле» әзірлеп, келген қонақтарына тартады

Соңғы жаңалықтар