Ирандықтарға Facebook пен Twitter-ге кіруге мүмкіндік берілді

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Иранда қайтадан Facebook әлеуметтік желісі мен Twitter микроблог сервисіне қосылуға рұқсат берілді.

Ирандықтарға Facebook пен Twitter-ге кіруге мүмкіндік берілді

Бұл ғаламтор желілері 2009 жылы болған оппозицияның акцияларынан кейін жабылған болатын.

Сервиске жаңа ашылған рұқсат жайлы ғаламтор провайдерлері хабарлады. Елдің билік өкілдері бұған байланысты ешқандай ресми мәлімдемелер жасаған жоқ.

Еске сала кетсек, жақында сайланған президент Хасан Роухани цензурамен күресуге уәде берген болатын.