Иранға 20 тонна ет экспортталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың шілде айында Қазақстан Республикасы мен Иран мемлекеті арасында Иранға мұздатылған және салқындатылған қой етін экспорттауға ветеринарлық талаптары келісілген болатын.

Иранға 20 тонна ет экспортталды

Осыған орай, қазіргі таңда Иран елінің нарығына мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

null 

Жыл басынан бері елімізден 118,4 тонна тірі қой, 132,2 тонна қой еті осы мемлекетке экспортталып отыр. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы «Кублей» ЖШС мен Иран компаниялары арасында жасалған келісімшарт аясында жыл соңына дейін осы елге  200 тонна қой етін жеткізу жоспарланған.

null

Жыл басынан Батыс Қазақстан облысынан Иран мемлекетіне 80 тонна қой еті экспортталды.
Барлық атқарылып жатқан жұмыстар екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауымен жүзеге асып отыр.

null