Иранға барған қазақстандық оқытушылар арнайы бағдарламаға қатысты - шетелдегі қазақ баспасөзі

Мехр ақпарат агенттігі
Фото: parstoday.ir

АСТАНА. KAZINFORM - Kazinform ХАА шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады. 

Қазақстан қытайлықтар үшін жаңа танымал туристік бағытқа айнала бастады - «Халық газеті»

Былтыр қараша айында Қытай-Қазақстан визасыз келісімі күшіне енгеннен бері екі ел арасында туристік сапар ыңғайлы болып, қытайлық туристердің Қазақстанға туризмі қыза түсті. Қазақстан еліміз үшін жаңа танымал туристік бағытқа айнала бастады. Туристік тапсырыстар айтарлықтай өсті, деп хабарлайды қытайлық «Халық газеті» басылымы.

екі ел
Фото: kaz.people.cn

Аталған БАҚ-тың дерегінше, бірқатар туристік агенттік пен онлайн-туристік компаниядан алған ақпаратқа сәйкес, қытайлық туристердің Қазақстанға бару жоспары молая бастаған.

Осы жылдан бастап қытайлық туристердің Қазақстанға сапарларына тапсырыстар саны 2019 жылмен салыстырғанда 262%-ға өсті. Негізінен Үрімжі, Бейжің, Шанхай, Шэньчжэнь, Гуанчжоу, Ханчжоу, Сиань, Чэнду, Сучжоу және Циндао сияқты қалалардан әуе билеттері мен қонақүйлерге ең көп тапсырыс түскен.

«Flying Pig деректері наурыз айынан бастап Қазақстанға авиабилеттерді брондау саны айтарлықтай өскенін, Алматы, Астана, Ақтау және басқа да жерлер басты бағытқа айналғанын көрсетеді», - деп жазады қытайлық БАҚ.

Ташкенттен Алматы мен Астанаға аптасына 20 рейс орындалады - «ӨзА»

«Uzbekistan Airways» ұлттық әуе компаниясы көктемгі-жазғы ұшу кестесіне ауысуына байланысты Ташкент қаласынан Қазақстанның Алматы мен Астана қалаларына аптасына 20 рейс орындалады, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі. 

ұшақ
Фото: Pixabay

Атап айтқанда, Ташкенттен Алматыға ұшатын рейстер аптасына 14 ретке дейін көбейтіледі. Жаңа рейстер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Ал, әуе компаниясының ұшақтары енді Ташкенттен Астанаға аптасына 6 рет ұшады. Сенбі күндері де рейстер жолға қойылған.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігінде «Қарақалпақстанда «Арал туризмі» апталығы өтеді» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды. 

Арал туризмі
Фото: Uza.uz

Аталған БАҚ-тың мәліметінше, 2024 жылдың 16-19 сәуір күндері Қарақалпақстан Республикасының Нөкіс қаласы мен Мойнақ ауданында «Арал туризмі» апталығы өтпек.

Туризм комитетінің хабарлауынша, апталықта «Аралдың ізгілік елшілері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Арал суретшілер көзімен» шығармашылық көрмесі мен пленер және «Aral Dea Eco Race» жарысы өтеді. Сондай-ақ жас әуесқой және кәсіби суретшілердің Арал жайлы суреттері көрсетіледі. 

«Сонымен қатар іс-шараға қатысушыларды «Арал балықтарынан жасалған тағамдардың 99 түрі» гастрономиялық фестивалі мен тарихи ескерткіштерге ұмытылмас саяхаттар күтіп тұр», - деп жазды «ӨзА».

Иранға барған ҚазҰУ-дың оқытушылары арнайы бағдарламаға қатысты - Parstoday

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне барған іссапарында Ұлттық телерадио бірлестігінің 4-арнасы ұйымдастырған Наурыз мерекесіне арналған «Сарзамин-и шер» (Поэзия елі) атты арнайы бағдарламаға қатысты.

Бұл туралы Иранның «Parstoday» ақпарат агенттігі хабарлады. 

арнайы бағдарлама
Фото: parstoday.ir

Аталған басылымның келтірген мәліметіне сүйенсек, бағдарламада Наурыз мерекесін тойлайтын көптеген елдің, атап айтқанда Армения, Үндістан, Түркия, Пәкістан және Қазақстанның ирантанушы мамандары бас қосқан.

Бағдарлама барысында Қазақстанда Наурыз мерекесін тойлаудың ерекшеліктері мен Ирандағы Наурыз мерекесіне ұқсайтын тұстары жан-жақты сөз болды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне шашу ретінде әр елден келген ирантанушылар жуырда жарық көрген жаңа басылымдарын таныстырды. Қазақстандық ирантанушылар жақында жарық көрген Парсыша-қазақша фразеологиялық сөздік туралы баяндап берді.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Мирас Мактуб ғылыми зерттеу институтының директорымен кездескен. 

кездесу
Фото: parstoday.ir

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары Ирантану қауымдастығының төрағасымен кездескен. 

Иран
Фото: parstoday.ir

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне іссапар барысында Тегеран университетінің профессоры, Иранның көне тілдері мен мәдениеті мамандығы бойынша доктор М.Жафари Деһақи мырзамен кездесті. 

Қазақ Ұлттық университеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары А.Ж. Боранбаева мен Ғ.Ә. Қамбарбекова Иран еліне іссапар барысында 2024 жыл 19 наурыз күні Алламе Табатабаи университетенің докторы, Иран бейбітшілікті зерттеу қауымдастығының директоры доктор М. Тишеяр хамыммен кездескен. 

Иран
Фото: parstoday.ir

Университеттің оқытушылары Иранның Мехр ақпарат агенттігіне де сұхбат берген. 

Мехр ақпарат агенттігі
Фото: parstoday.ir

Стамбулға екі айда 2,5 миллионға жуық шетелдік турист келген - TRT

Түркияның туризмдегі алдыңғы қатардағы қалаларының бірі Стамбул жылдың алғашқы 2 айында 2 миллион 457 мың 518 шетелдік қонақты қабылдады.

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда қаңтар және ақпан айларында Стамбулға келген шетелдік турист саны өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 8,08 пайыз артқан, деп хабарлады Түркия Радио Телевизия порталы. 

Түркия
Фото: trt.net.tr

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Стамбулды ақпан айында көбіне ресейліктер таңдаған.

Атап айтқанда, ақпан айында Стамбулға Ресей Федерациясынан 138 мың 957 адам келген екен, Германиядан 95 мың 465 адам, Ираннан 75 мың 312 адам, Ұлыбританиядан 56 мың 430 адам, Франциядан 48 мың 902 адам, Сауд Арабиясынан 43 мың 415 адам және мен Америка Құрама Штаттарынанан 41 мың 472 адам келген.

Қаңтардан наурызға дейін Қытай 1,324 миллион автомобиль экспорттаған - People.cn

10 сәуірде Қытайдың Автомобиль өнеркәсібі қауымдастығының берген ақпаратына сәйкес, қаңтардан наурызға дейін Қытайда автомобиль өндірісі мен сатылымының көлемі сәйкесінше 6,606 және 6,72 миллионға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 6,4% және 10,6% өскен, деп мәлімдейді Қытайдың «Халық» ақпараттық агенттігі.

автомобиль
Фото: kaz.people.cn

Аталған БАҚ-тың деректеріне сүйенсек, Қытайдың жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Биыл қаңтар-наурыз аралығында Қытайда жаңа энергетикалық көлік өндірісі мен сатылымы сәйкесінше 2,115 және 2,09 миллионға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 28,2% және 31,8%-ға өсіп, нарықтағы үлесі 31,1%-ға жеткен.

«Қаңтардан наурызға дейін Қытай 1,324 миллион автомобиль экспорттап, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,2%-ға өсті. Оның ішінде 307 000 жаңа энергетикалық көлік экспортталды. Сөйтіп бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,8%-ға ұлғайды», - деп жазды Kaz.people.cn.

Сонымен қатар аталған БАҚ-та «Отандық әуе таксиінің әлемдегі алғашқы данасы тапсырылды» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

әуе таксиі
Фото: kaz.people.cn

Шанхайда жасалған азаматтық «әуе таксиі» әлемдегі алғашқы данасын тапсырған. 1 сәуірдегі Шығыс Қытайдағы ұшқышсыз ұшу аппараттарының базасы мен Шанхайдағы Fengfei Aviation Technology компаниясының берген мәліметіне сәйкес, Fengfei Aviation Technology компаниясы жапониядағы AAM (Advanced Air Traffic) озық операторына алғашқы eVTOL электрлік тік ұшу және қону ұшағы - Шэншилунды ресми түрде жеткізген.

«Қоғамдық ақпаратқа сәйкес, бұл әлемдегі бірінші дана азаматтық тонналық eVTOL әуе аспабын жеткізу», - деп жазады «Халық».

Соңғы жаңалықтар