Иранға қатысты санкциялар 2016 жылдың сәуіріне дейін толық шешілмеуі мүмкін - Vitol Group компаниясы
«Бұл үдеріс бір күндік шаруа емес екені түсінікті. Барша мұнай саласы санкциялар (Иранға қатысты) толықтай тоқтатылуын күтуі керек. Бұл тұрғыда БҰҰ рәсімдері мен банктің санкциялар шешілуі қажет, яғни осы шаралар ақшаны Иранға немесе керісінше Ирнаннан аудару мүмкіндігі жасауы үшін керек. Осы үдеріс қашан аяқталатындығы туралы айту қиындау. Өкінішке қарай, бұл мәселеде мен шешім қабылдамаймын»,-деді Ян Тейлор.
Оның пайымынша, алдағы жылдың бірінші тоқсаны аяғында бұл бағыттағы шаралар толық іске асырылуы екіталай.
«Осы мәселеде ирандықтар оптимистік көзқараста шығар, алайда наурыз-сәуірге дейін нақты шешімдер орын алмайтын секілді»,-деді ол.
Vitol Group - мұнай және мұнай өнімдерінің саудасына негізделген швейцарлық-нидерландтық компания. Ол 1966 жылы құрылған. Әлемда ауқымы бойынша екінші мұнай трейдері болып табылады.