Иранмен келісім жасалғаннан кейін мұнай құны төмендеді

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Женевада Иран мен әлемнің алты державасы арасында Тегеранның ядролық бағдарламасы бойынша келісімге қол жеткізілгені мәлім болғаннан кейін әлем нарығындағы мұнай бағасының құны барреліне екі доллардан астам деңгейге төмендеді. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Иранмен келісім жасалғаннан кейін мұнай құны төмендеді
Келісімге сәйкес, аталған елдің мұнай экспортына қойылған шектеу тыйылып, Иран жарты жылға уранды байытуды тоқтатады. Айта кетейік, Иран мұнай қоры бойынша әлемде төртінші орында тұр.