Ираннан келген қауіпті 62 тонна қияр жойылды - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР АШМ инспекторлары Ираннан келген қауіпті 62 тонна қиярды жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің сайтына сілтеме жасап.

Ираннан келген қауіпті 62 тонна қияр жойылды - АШМ

Қауіпті көкөністер Шымкент қаласында табылды. ҚР АШМ Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Иран Ислам Республикасынан келген қиярдың үлкен партиясынан қауіпті зиянкестердің бірі – «Батыс гүлді трипс» вирустық зиянкесін анықтады.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынды.

62 тоннаға жуық қауіпті қияр тәркіленіп, дереу жойылды.