Иранның жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM – Сәрсенбі күні таңертең Иранның батысында елдің жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыштар апат алдында катапультаны қолданып аман қалды, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Иранский истребитель потерпел крушение
Фото: Tasnim News

Оқиға туралы Иранның IRNA ресми ақпарат агенттігі Иран әскери-әуе күштеріне сілтеме жасап хабарлады.

- 22 қаңтарда армия Әскери-әуе күштерінің ұшағы Хамадан провинциясында оқу-жаттығу тапсырмасын орындау кезінде апатқа ұшырады. Екі ұшқыштың да денсаулығы жақсы, - делінген хабарламада.

Провинция губернаторының орынбасары Хамзе Амраидің Tasnim ақпарат агенттігіне хабарлағанындай, Иран әскери-әуе күштерінің әскери ұшағы сәрсенбі күні таңертең Кебудрахенг маңында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған.

Кебудрахенг қаласы солтүстік-батыста, Хамадан провинциясының орталығынан 60 шақырым жерде орналасқан.

БАҚ хабарлауынша, ұшқыштар жеңіл жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Бұған дейін Иран армиясы 1000 жетілдірілген ұшқышсыз аппарат алғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар