Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға қандай рейстер жасалады - Азаматтық авиация комитеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азаматтық авиация комитеті Иран әуе кеңістігі арқылы ұшатын қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға қандай рейстер жасалады - Азаматтық авиация комитеті

Ведомтсво баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Иранның әуе кеңістігі арқылы екі қазақстандық әуе тасымалдаушы – «Эйр Астана» және «SCAT» тұрақты рейстерді орындайды.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Нұр-Сұлтан – Дубай (аптасына 5 рет) және Алматы – Дубай (аптасына 10 рет) бағыттары бойынша ұшуларды орындайды.
«SCAT» әуе компаниясы Иран әуе кеңістігі арқылы Алматыдан Медина мен Жиддəға (аптасына бір рет) екі тұрақты рейсті және Алматы - Шарм Эль-Шейх және Шымкент – Шарм Эль-Шейх бағыттары бойынша екі тұрақты емес рейсті орындайды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, БАӘ әуе компаниялары «Fly Dubai» – (Дубай – Нұр-Cұлтан - аптасына 5 рейс, Дубай – Алматы - аптасына 7 рейс), «Etihad» (Әбу-Даби – Нұр-Сұлтан - аптасына 2 рейс) «Air Arabia» (Шарджа – Алматы - аптасына 5 рейс) Иранның әуе кеңістігі арқылы Қазақстанға тұрақты ұшуларды (барлығы аптасына 19 рейс) орындайды.

«Mahan Air» ирандық әуе компаниясы Тегеран – Алматы бағыты бойынша тұрақты түрде ұшады.

Айта кетерлігі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен сағат 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшып шыққан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортындағы 168 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі түгелге жуық қаза тапты.