Иранның ДСҰ-ға кіруді жоспарлағаны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкциялар алынғаннан кейін Тегеран Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отыр.

Иранның ДСҰ-ға кіруді жоспарлағаны белгілі болды

Әзербайжандағы Иран елшісі Мохсен Пакайин журналистермен кездесуде осындай ақпаратты айтып өтті, деп хабарлайды trend.az агенттігі.

Елшінің айтуына қарағанда, Иран мемлекеті TANAP газ құбыры сияқты ірі аймақтық жобаларға қосылуға дайын.

«Біз елімізге пайдасы тиетін барлық жобаларға қатысамыз», - деп атап өтті дипломат.

Ол Иран транзиттік жобаларды жүзеге асыру үшін Әзербайжанның инвестицияларын пайдалана алады деп санайды.