Иранның экс-президенті Рафсанджани көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні жүрек талмасымен ауруханаға жеткізілген Иранның бұрынғы президенті Али Акбар Хашеми Рафсанджани көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рафсанджани Иранды 1989-1997 жылдар аралығында басқарды. Соңғы уақытта ол Иранның Жоғары басшысы Хаменеи жанындағы кеңесші органы - Мақсаттылық кеңесін басқарды.
«РИА Новости» агенттігінің жазуынша, саясаткер 82 жаста болды.
Фото: © Fotolia/ Borna_Mir