Иранның қыздары Қазақстан футболшыларын ойсырата ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Кубалық көктемнің» екінші турында Иранның қыздары Қазақстан футболшыларын ірі есеппен ойсырата ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иранның қыздары Қазақстан футболшыларын ойсырата ұтты

Бұл Қазақстан аруларының аталмыш додадағы екінші матчы еді. Бұл жолы ирандықтарға тап болған жерлестеріміз 7:0 есебімен ойсырай ұтылды. Ал алғашқы матчта да аруларымыз сәтсіз өнер көрсеткен еді. Онда, Словения аруларына 5:1 есебімен есе жіберген.

Екі турдан соң Қазақстан арулары турир кестесінде «А» тобының соңғы орнында келе жатыр. Енді аруларымыз бүгін үшінші матчын Краснодар командасына қарсы өткізеді.